jitsu gif

Шымкенттегі ең үлкен ойын-сауық саябағы сүріліп жатыр

Саябақты сүру сәті
Саябақты сүру сәті. Кадр: "КТК" арнасы

Шымкенттегі ең үлкен ойын-сауық саябағы сүріліп жатыр. "Қиял әлемі" деп аталатын техносаябақтың ішіндегі ғимараттар мен аттракциондар сот шешімімен қиратылуда, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

"Білмеймін, осындай керемет жер, қаланың ортасында, халықтың жағдайын жасап отырған, бүкіл баланың көңілінен шығып отырған жерді неге бұзады деген сұрақ туып отыр", - дейді тұрғын Шолпан Тұрбаева.

Саябақты қиратуға келген ауыр техниканың алдына жұмысшылар кесе-көлденең тұрып алды. Тіпті, жүргізушілеріне ұмтылғаны да болды. "Бұзғызбаймыз" деп шулағандарды басу үшін, тіпті полиция да келген. Ақыры ауыр техника ғимараттарды сүруін бастап кетті.

Қаланың тура орталығындағы аттракциондар саябағының бұзылуына жер телімін заңсыз пайдаланып келуі негіз болыпты. Құжат бойынша жасыл желектің орнына жекеменшік тұлға 2011 жылдан бері заңсыз аттракциондар қойып кәсіп жасаған дейді әкімдіктегілер. Сондықтан 300 адам жұмыс істейтін техносаябақты қиратуды ұйғарыпты.

"Орнына халықтың пайдасына саябақ болады. Осыдан кейінгі тұрған ғимараттар мемлекет пайдасына беріліп, тиісті жұмыс атқарылады. Соттың шешіміне сәйкес, 9 нысан, құжаты бар. Ресми сәйкестірілген. Қалған нысандардың ешқайсының арнайы құжаты жоқ, олардың бәрі заңсыз. Сол себептен барлық нысан сүріледі", - дейді Шымкент қаласының орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы Мерлан Керімжанов.

Дереккөз: "КТК" арнасы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.