jitsu gif

Көлік министрлігі: Ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайды

автожол
Автожол. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Көлік министрлігі ақылы жолдардың жөнделіп жатқан учаскелері үшін төлем алынбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда қауіпсіздік пен көлік қозғалысының үздіксіз іске асырылуына кері әсер ететін ақаулар анықталған жағдайда, жол пайдаланушылары мұндай жол учаскелерімен жүріп өткені үшін жол ақысын төлеуден босатылады.

Бұл норма төлем алу қағидаларына енгізілетін өзгерістер жобасында қарастырылған.

Егер ақылы автожолда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді қажет етіп тұрған жол учаскесі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.

Мысалы, егер ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді.

Бұл өзгеріс биылғы маусым айынан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері 1 маусымнан бастап Қазақстанның бірнеше облысында жүк көліктерінің қозғалысы шектелетінін хабарлаған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.