jitsu gif

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа туристік пойыз жолға шығады

пойыз
Пойыз. Көрнекі фото: t.me/PR_KTZh

29 мамырда Сиань қаласынан "Сиань – Алматы" бағытындағы алғашқы туристік пойыз жолға шығады. Бұл бастама "Орталық Азия – Қытай" II саммиті аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, пойыз Алматыға 31 мамырда жетеді деп жоспарланған. Қонақтар еліміздің оңтүстік астанасында 5 күн болады. Делегация құрамында 250-ден астам адам бар: мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, мәдениет, медицина және спорт саласының өкілдері мен туристер. Делегацияны Сиань қаласы әкімінің орынбасары Сяо Ци бастап келеді.

Қонақтар үшін арнайы мәдени және іскерлік бағдарлама дайындалған:

– ресми қарсы алу рәсімі;

– "Шэньси – Алматы" апталығының ашылуы;

– жәрмеңкелер, симпозиумдар мен іскерлік кездесулер;

– Алматының көрікті жерлеріне экскурсиялар.

Туристік пойыздың кері бағыттағы сапары 5 маусымға жоспарланған.

Бұл жоба Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму және реформалар комитетінің бастамасымен, Туризм және спорт министрлігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы, Сыртқы істер министрлігі, Көлік министрлігі, Шекара қызметі, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласының Туризм басқармасы және отандық туроператорлардың қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.