jitsu gif

Алматыда жыл соңына дейін электромобильдерге арналған 311 зарядтау станциясы орнатылады

Электр зарядтау станциялары
Фото: Алматы қаласының әкімнің баспасөз қызметі

"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр зарядтау станцияларын (ЭЗС) орнату үшін 311 жер телімін бөлді. Әрбір учаскеде конкурстық іріктеуден өткен отандық инвесторлар екі паркоместке есептелген қуаты 60 кВт-тан басталатын бір ЭЗС орналастырады. Барлық станция пайдалануға берілгеннен кейін қалада электромобильдерді зарядтауға арналған 622 жаңа паркоместр пайда болады.

Бір учаскеге инвестордың ең төменгі салымы 10 млн теңгені құрайды. Бұл ретте халық үшін аккумуляторлық батареяны зарядтаудың 1 кВт үшін шекті құны ҚҚС есебімен 100 теңгеден аспайды.

Учаскелер ұзартуға басым құқығы бар инвесторларға 4 жыл мерзімге берілді.

Зарядтау станцияларын орнату қала тұрғындарының жаппай тартылатын жерлерінде базарлар, саябақтар, кафелер және басқа да қоғамдық кеңістіктер аумағында жоспарлануда.

Барлық станция ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Электр зарядтау станциялары
Фото: Алматы қаласының әкімнің баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда Алматыда жеке аумақтарда 300-ден астам ЭЗС орнатылған. Жаңа нысандарды ескере отырып, қала бойынша зарядтау станцияларының жалпы саны 600 бірліктен асады.

ЭЗС құрылысы "2029 жылға қарай барлық ірі қалаларда электромобильдер үшін қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі жол картасы" шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба Алматыдағы экологиялық жағдайды жақсарту қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ мегаполистегі электр көліктерінің өсіп келе жатқан санын ескере отырып іске асырылуда.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың 1 сәуірінде Алматыда 8 385 электромобиль тіркелген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 1,5 есе өсті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.