jitsu gif

Павлодарлық колледж студенті Google компаниясынан арнайы шақырту алды

Даниил Барт
Даниил Барт. Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Павлодар қаласындағы IT-колледждің студенті Даниил Барт Google компаниясынан Берлин қаласында өтетін халықаралық Google I/O - 2025 конференциясына қатысу үшін арнайы шақырту алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шара Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен Африканың үздік мамандарын біріктіреді.

Даниил — әлем бойынша техникалық құзыреттілікті растаудың қатаң талаптарынан сүрінбей өткен санаулы студенттердің бірі.

"Конференция және одан кейінгі тағылымдама жасанды интеллект, Android, бұлтты платформалар мен веб-технологиялар саласындағы озық білімге жол ашады. Мен осындай деңгейдегі шараға елімнің атынан қатысатыныма қуанамын", - дейді Даниил Барт.

Студенттің бұл халықаралық компаниямен серіктестігі 2023 жылы колледждің 1-курсында басталды. Ол Қазақстанда Google ұйымдастырған техникалық іс-шаралар мен байқауларды өткізетін команда құрамына кірді.

Қазір Даниил Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің 3-курсында оқиды. Бағдарламалауға қызығушылығы мектепте пайда болып, колледжде түрлі байқаулар мен хакатондарға белсенді қатыса бастады. 2023 жылы WorldSkills Kazakhstan байқауында "алтын" жеңіп алды, 2024 жылы ол Иранда өткен халықаралық турнирде үздік ондыққа енді. "Тәуелсіздік ұланы" сыйлығының лауреаты және Google қауымдастығы аясында бірқатар жобалардың авторы болып табылады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.