jitsu gif

Алматының орталығындағы үш көшеде тамыздың ортасына дейін көлік қозғалысы шектеледі

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: MATTHIEU DELATY/Hans Lucas/AFP via Getty Images

Алматыдағы Бостандық ауданында жылу желілеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізу кезінде үш көшеде автокөлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 мамырдан бастап 15 тамызға дейін Бұқар Жырау желекжолында Байтұрсынов көшесінен бастап Марков көшесіне дейін солтүстік жағында автокөлік қозғалысы шектеледі. 29 мамырдан бастап Бұқар Жырау желекжолының оңтүстік жағымен қозғалыс қайта іске қосылады.

1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.

2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Габдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.

"Уақытша шектеу көрсетілген көше сегментінің астымен жүргізілген магистральдық құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі", - деп түсіндірген әкімдік өкілдері автокөлік қозғалысының шектелуін.

Еске салсақ, Бостандық ауданында Габдуллин – Хамит Ерғалиев, Жағалау маңы – Бұқар Жырау – Байтұрсынов көшелерінің контурында орналасқан, жалпы ұзақтығы 2,7 километр болатын, 1983 жылы пайдалануға берілген құбыржолды жаңғырту жоспарланып отыр. Жаңғырту жұмыстарын жүргізу мерзімінің ішінде тұтынушыларға ыстық су беру үзілмейді.

Аталған жылу трассасы 128 көппәтерлі тұрғы үйдің, 25 жеке үйдің тұрғындары, 2 балабақша, 1 мектеп, 1 медицина мекемесі және 65 басқа да объектілер үшін жылу энергиясын беруді және ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

Жалпы алғанда, ағымдағы жылы қала бойынша 39 км жылу трассасын жаңғырту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Ескере кететін жайт, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде орналастырылған.

"Алматы жылу жүйесі" өкілдері уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.