jitsu gif

Алматының үш көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда жабылатын көшелер
Алматыда жабылатын көшелер,. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына байланысты бірнеше көшеде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды kazinform.kz.

30 мамырдан бастап 15 тамызға дейін Бұқар Жырау желекжолында Байтұрсынов көшесінен бастап С.Марков көшесіне дейін солтүстік жағынан автокөлік қозғалысы шектеледі. 29 мамырдан бастап Бұқар Жырау желекжолының оңтүстік жағымен қозғалыс қайта іске қосылады. 

1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі. 

2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Ғабдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.

"Уақытша шектеулер бұл көшелердің астымен жүргізілген магистральдық құбыржол учаскесін жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС. 

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.