jitsu gif

Ғылым және жоғары білім министрлігі жалған дипломдар туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Қызыл диплом
Диплом. Көрнекі фото: polisia.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері жалған диплом туралы желіде түрлі ақпарат таралуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда әлеуметтік желіде жалған дипломдар туралы түрлі ақпарат кең таралып жатыр. Дипломдардың заңсыз айналымын болдырмау үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың базасын құрды", - деп атап өтті министрліктегілер.

Ведомство хабарламасында 2021 жылдан бастап барлық жоғары оқу орны өзіндік үлгідегі дипломдар беріп келетіні айтылған. Ал олардың түпнұсқа екенін Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы тексеруге болады.

1991 жылдан бері берілген дипломдар кезең-кезеңімен цифрландырылып, 3 миллионнан астам дерек базаға енгізілген.

"Жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертеміз", - деді министрлік өкілі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.