jitsu gif

Көшпелі отырыс: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары пысықталды

Сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары пысықталды
Сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары пысықталды. Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін "AMANAT" партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің көшпелі отырысында осы сипаттағы құқықбұзушылықтармен күрес шаралары, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы сараланды.

Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Е.Саиров еліміздегі жемқорлық дерегі кең тараған салаларға шолу жасады. Сондай-ақ, Шымкентте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Білім саласындағы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету әдістері ұтымды екеніне тоқталды.

Сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары пысықталды
Сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары пысықталды: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы сипаттағы құқықбұзушылықтарды алдын алуда нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Құқық қорғау органдарының бірлесуімен әрбір мемлекеттік мекемеде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Бұл іс-шараларға азаматтық қоғам өкілдері белсене қатысуда. Мегаполис басшысы партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруда қол жеткізілген нәтижелер туралы да баяндады.

Сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары пысықталды
Сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары пысықталды. Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

"Мәслихаттағы партия фракциясының 21 депутаты бағдарламаның нақты тармақтары бойынша бекітілген. 2024 жылға жоспарланған 95 тапсырманың 90-ы орындалды. 1,3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 608 адам пәтермен қамтамасыз етілді. "Қамқор" өңірлік бағдарламасы бойынша тағы 347 азамат баспаналы болды. 6600 медицина қызметкері біліктілігін арттырды. "Кедергісіз келешек" жобасы арқылы 44 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азаматтың өтініші оң шешімін тапты. Бұл бағдарламаның тиімділігін көрсетеді", - деді Ғ. Сыздыбеков.

Сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары пысықталды
Сыбайлас жемқорлыққа күрес шаралары пысықталды. Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы, Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында оң нәтижелерге қол жеткізілгені айтылды. Жүйелі жұмыс пен партиялық бақылаудың арқасында бұл қызмет жаңа серпін алуда.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.