Алматыда 1 маусым күні балаларға метро тегін болады
Опубликовано:

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні. Мереке орай осы күні Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар метромен тегін жол жүре алады, деп хабарлайды Kazinform.
"Бастама осынау ерекше мейрам күні балалары бар отбасыларды қолдауға бағытталған. Күні бойы метрополитеннің ашылған сәтінен бастап және станциялар жабылғанға дейін тегін жол жүруге болады", — деп хабарлады "Метрополитен" мекемесі.
Еске салайық, бұған дейін енді Алматы метрополитенінде жолақыны жаңа тәсілмен төлеуге болатынын жазған едік. Жолаушылар жол ақысын ONAY! қосымшасындағы QR арқылы төлей алады.
Сондай-ақ қытайлық ірі компания Алматыда метро құрылысына қатысуға ниет білдіргенін жазған болатынбыз.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2250864-almatyda-1-mausym-kuni-balalarga-metro-tegin-bolady/