1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні: президент қазақстандық бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Aqorda.
"Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын!", – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2251038-1-mausym-halyqaralyq-balalardy-qorgau-kuni-prezident-qazaqstandyq-buldirshinderdi-merekemen-quttyqtady/