jitsu gif

Шымкент көшесіндегі жарнама экранында әдепсіз жазба пайда болды

LED-экран
LED-экран. Фото: pixabay.com

Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан жарықдиодты (LED) экрандардың бірінде әдепке сай келмейтін жазба көрсетілді. Бұл әрекет тұрғындардың ашу-ызасын тудырды, деп хабарлайды kazinform.kz.

Аталған оқиғаның бейнематериалдары мен фотосуреттері әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап кетті.

"Қазіргі уақытта экран өшірілді. Цифрлық тасымалдағыштың техникалық қауіпсіздігі мен мазмұнына жауапкершілік құрылғы иесіне жүктеледі. Экранды пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты аудандық әкімдік тарапынан иесіне қатысты әкімшілік шара қолдану басталды. Өз кезегінде конструкция иесі қала тұрғындары мен қонақтарынан орын алған оқиға үшін кешірім сұрайды", — делінген Шымкент қаласының әкімдігі таратқан ақпаратта. 

Сонымен қатар әкімдік үшінші тараптардың араласуы мүмкін деген нұсқа бойынша да тексеру жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

"Материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады", — делінген ақпаратта. 

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.