jitsu gif

Балаларға базарлық: аттракциондар паркінің жаңа келбеті

Аттракциондар саябағының ашылу салтанаты
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркінің ашылу рәсімі өтті. Оған Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, парламент сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев арнайы қатысты.

Рәсімде премьер-министрдің орынбасары Ермек Беделбайұлы алғы сөз сөйледі.

Аймақ басшысы жиналған қауымды Балалар күнімен және мәдени-демалыс паркінің қайта жаңғыртудан кейінгі ашылуымен құттықтады.

"Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Ұл-қыздарымыздың парасатты, жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтарымыздың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау - мемлекетіміздің басты міндеті", - деген болатын. Бүгін - аймағымыз үшін айтулы күн. Мерекеге орай қайта жаңғыртудан өткен қалалық мәдени-демалыс паркі, физика-математика мектеп-интернаты, музыкалық колледждің жаңа ғимараты, облыстық тарихи-өлкетану музейі ашылуда. Бұл ұлтымыздың "Қазақ" атауының қайтарылғанының, Қызылорданың қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойына үлкен тарту болды.

Аттракциондар саябағының ашылу салтанаты
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңа, әсем, заманауи парктің құрылысын сапалы жүргізіп, мерзімінде пайдалануға берген елімізге белгілі "BI GLOBAL" компаниясының ұжымына Сыр жұртшылығының, өзімнің атымнан шынайы алғысымды білдіремін. Егемен елімізді дамыту жолындағы абыройлы істеріміз, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарымыз табысты болсын!

Балаларымыз аман, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!

Мереке құтты болсын!", - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Аттракциондар саябағының ашылу салтанаты
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жиында парламент мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетұлы құттықтау сөз сөйледі. Жобаны сапалы әрі уақытылы салып бітірген мердігер мекеме "BI GLOBAL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, президенттің бастамасымен жүзеге асқан "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында облысымызда кең ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала, аудан және ауылдардағы парктер, скверлер, аллеялар мен көпқабатты үйлердің аулалары жаңартылып, көркейтіліп жатыр.

Аттракциондар саябағының ашылу салтанаты
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өңірдің сәулеттік келбеті жаңарып келеді. Кәсіпкер, меценат Асқар Әубәкіровтың демеушілігімен Қызылорда қаласының Орталық алаңы толық қайта жаңғыртылды.

Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен Жаңақорған ауданында 790 млн теңгеге заманауи демалыс паркі, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылында 450 млн теңгеге "Еңбекшілер паркі" пайдалануға берілді. Мұндай демалыс орны жақында Қазалы ауданында да ашылып, тұрғындар игілігіне ұсынылды.

Аттракциондар саябағының ашылу салтанаты
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда Президент саябағын, Батырхан Шөкенов атындағы парк пен Қорқыт ата мемориалды аллеясын жаңғырту жұмыстары қарқын алған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.