jitsu gif

Қазақстанда аңшыларға тек аналық киікті атуға рұқсат берілуі мүмкін

киік
Киік. Көрнекі фото: facebook.com/EcologyofKazakhstan/

Экология министрі Ерлан Нысанбаев аңшыларға киік аулауға рұқсат беру туралы тілшілер сұрағына жауап берді және оның неліктен қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды kazinform.kz.

"Оны да қарастырып жатырмыз. Бірақ бұл жерде қауіп көп. Біздің кең байтақ даламыз үлкен, ал инспекторлар саны әр аңшының артынан еріп жүруге мүмкіндік бермейді. Бұл тәжірибе Совет дәуірінде болған. Бір жылдары рұқсат беріліп, бүкіл дала мүйізі кесілген киіктердің тушасына толған. Сол себепті биыл тек аналығына (рұқсат – ред.) береміз бе деп ойлап отырмыз. Бірақ қазір оның жолы, әр қадамы қалай болады – соны аңшылар ұйымымен өзіміз ақылдасып жатырмыз", − деді экология министрі Ерлан Нысанбаев Сенатта өткен брифингте.

Бұған дейін Ерлан Нысанбаев киік санын реттеуге қатысты ғалымдардың биологиялық негіздемесі келесі аптада дайын болатынын айтқан еді.

Осы биологиялық негіздемеге сәйкес, киіктің белгілі бір санын аулау мәселесі көтеріледі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.