jitsu gif

Түркістан облысында жас түлек Еуропадағы беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды

Әбубәкір Арманұлы
Әбубәкір Арманұлы. Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы жас түлек бірнеше шетелдік жоғары оқу орынының білім грантына ие болды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназиясында білім алған жас түлек Әбубәкір Арманұлы Франция, Италия, Литва және Малайзия елдеріндегі беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алған.

Атап айтқанда, ол John Cabot University (Италия, Рим) университетінің 50 пайыз оқу грантын, American University of Paris (Франция) университетінің 70 пайыз оқу грантын, LCC International University (Литва) оқу орнының жартылай оқу грантын, сондай-ақ Xiamen University Malaysia университетінің 4 жылдық толық оқу грантын жеңіп алған.

"Бұл – шәкірттің бірнеше жылдық еңбегі мен жүйелі дайындық жұмыстарының нәтижесі. Жетістікке жету жолында ата-анасының қолдауы мен ұстаздарының еңбегі мен тәлім-тәрбиесі үлкен рөл атқарғаны сөзсіз. Әсіресе, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі әрі сынып жетекшісі Ұлықбек Бердалиевтің кәсіби қолдауы ерекше атап өтуге тұрарлық", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Әбубәкір Арманұлы Түркия үкіметінің Türkiye Bursları халықаралық шәкіртақы бағдарламасы, Болгариядағы American University in Bulgaria, сондай-ақ Оңтүстік Корея университеттерінен де оң нәтиже күтуде.

Айта кетейік, бұған дейін арыстық Алтынбек Айсұлтан 86 университеттен, тағы бір арыстық түлек Ерасыл Жүнісбек әлемнің үздік 30 университетінен, сарыағаштық Ақжүніс Атахан әлемнің беделді 36 университетінен шақырту алғанын жазған едік.

Сондай-ақ шығысқазақстандық Дариға Қалымбекова Канададағы үздік жоғары оқу орындарының бірінен шақырту алған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.