jitsu gif

Жетісу обылысында құны 60 млн теңгеден асатын металлды заңсыз әкетпек болған жүк көліктері тоқтатылды

Қорғасын тиелген жүк көлігі
Қорғасын тиелген жүк көлігі. Видеодан кадр: Polisia.kz

Жетісу облысында шетелге стратегиялық маңызды шикізатты заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпараттық медиапорталының жазуынша, Жетісу облыстық полиция департаментінің жедел қызметкерлері экономикалық тергеу департаменті және кеден қызметімен бірлесіп, стратегиялық маңызды шикізат – қорғасынның ірі партиясын заңсыз әкетуге жол бермеген.

"60 тоннадан астам қорғасын тиелген екі жүк көлігі тоқтатылды, оның нарықтық құны 60 миллион теңгеден асады. Жүк заңсыз экспортқа жіберілмек болған.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырған барлық тұлғаны анықтап, ұстау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде", - дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ-ның мәліметінше, бұған дейін осындай фактілер еліміздің басқа өңірлерінде анықталған.

Солтүстік Қазақстан облысында "жоғары легирленген болат" түрінде қара металл сынықтарын шетелге шығарып жіберуге тырысқан ЖШС-нің заңсыз әрекеті тоқтатылған. Шамамен 1 мың тонна металл сынығы, соның ішінде көршілес мемлекетке жөнелтуге дайын 7 вагон табылған.

Сондай-ақ Маңғыстау облысында Каспий маңы елдерінің біріне металл сынығын теңіз арқылы жөнелту арнасы анықталған. ЖШС аумағынан 400 тоннадан астам қара металл сынығы табылып, оның ішінде екі контейнер экспортқа дайындалып қойылған.

Аталған барлық факті бойынша кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.