jitsu gif

Астанада құрбандық малын қай жерде союға болады

Қой
Қой. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада құрбандық шалуға арналған арнайы орындар белгіленді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес, 6 маусым күні таңғы сағат 6:00-де қаланың барлық мешітінде айт намазы оқылады.

Астанада арнайы бөлінген орындарда құрбандық шалу сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі. Аудан әкімдіктерінің ұсыныстары бойынша құрбандық шалуға арналған келесі 5 орын белгіленді:

Байқоңыр ауданы:

  • "Жайлау" базары – Алаш тасжолы, Ц-313 көшесі;
  • "Big Шанхай" базары – Алаш тасжолы, 34/6 (Көк базардың артында);
  • "Баракат" базары – А-369 көшесі, №10 ғимарат;
  • "Шәушен" шаруа қожалығы – Алаш тасжолы, 136Б.

Алматы ауданы:

"Ет-Хан" ет цехы – Теміржолшылар тұрғын алабы, Ақжар көшесі, 20.

Астана әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп дайындық және ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ Құрбан айт күндері құрбандық шалу және өзге де өзекті мәселелер бойынша тұрғындарға кеңес беру үшін "109" call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда құрбандық шалатын орындар белгіленгенін жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.