jitsu gif

"Төртінші қабатқа өрмелеп шыққан": Алматыда адамдарды өрттен құтқарған тұрғын марапатталды

Асыл Ахметов
Асыл Ахметов. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімдігінде адамдарды өрт кезінде құтқарып қалған қала тұрғыны Асыл Ахметовке ерлігі үшін құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйақы табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Еңбегімді елеп, құрмет көрсетіп, жеке қабылдап жатқаныңыз үшін алғысым шексіз. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді азаматтық борышым деп білемін. Бұл әрекетімді марапат үшін емес, адами парызым ретінде жасадым. Менің орнымда кез келген адам дәл солай істер еді деп ойлаймын", – деді Асыл Ахметов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның төртінші қабатқа дейін өрмелеп шығып, пәтер балконында тұтанған өртті сөндірген бейнежазбасы тараған болатын.

Оқиға 4 маусымда Наурызбай ауданындағы "Алма Сити" тұрғын үй кешенінде болған. Төртінші қабаттағы пәтер балконында қоқыс өртеніп, өрт сөндірушілер келгенге дейін сол маңнан өтіп бара жатқан Асыл Ахметов өртті өшіріп үлгерген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.