jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

8 маусымда Алматының орталық көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Алматы
Алматы. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда демалыс күндері The Spirit of Tengri фестивалінің өтуіне байланысты бірқатар көше мен даңғылда көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы AlmatyJoly Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"7-8 маусым күндері Алматыдағы Абай алаңында сағат 17:30-дан 22:30-ға дейін заманауи этникалық музыкаға арналған жыл сайынғы халықаралық The Spirit of Tengri фестивалі өтеді.

8 маусым сағат 21:30-дан 22:45-ке дейін халықаралық музыкалық фестиваль аясындағы іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі: Абай даңғылы бойынша Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін, сондай-ақ, Достық даңғылы бойында Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, алдын ала жолыңызды жоспарлауыңызды сұраймыз", - делінген AlmatyJoly Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Астананың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалада бірқатар көшеде алдағы күндері қозғалыс шектелетінін ескерткен еді.

8 маусымда Алматының орталық көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.