jitsu gif

Астанада Тұран даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Астана көшесі
Астана. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, 10-15 маусым аралығында аталған учаскедегі қозғалыс ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы қаладан әуежайға қарай бір бағытта ғана болады.

Астана картасы
Астана картасы. Сызба: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері 2023 жылы Тұран даңғылы Тұлпар көпірінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесінде, ал 2024 жылы Керей-Жәнібек хандар көшесінің Жұлдыз айналымына дейінгі учаскесінде жұмыс жүргізілгенін еске салды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.