jitsu gif branding logo appbranding logo app

30 маусымнан бастап кіру тәртібі өзгереді: отандық әуекомпания Ресейге ұшатын жолаушыларға үндеу жасады

Әуежайда кезек күтіп тұрған жолаушылар
Әуежайда кезек күтіп тұрған жолаушылар. Көрнекі фото: Lu ShaoJi/Getty Images

30 маусымнан бастап Ресей Федерациясына кіру тәртібінің өзгеруіне байланысты VietJet Qazaqstan әуекомпаниясы Ресейге ұшатын жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ресей Федерациясына ұшатын жолаушылардың назарына! 2025 жылғы 30 маусымнан бастап Ресей Федерациясына шетел азаматтарының, оның ішінде Қазақстан азаматтарының кіру тәртібі өзгереді.

Биометриялық деректерді (саусақ іздері мен бет бейнесін түсіру) жинау барлық шекаралық бақылау пунктінде міндетті болады.

Екі ел арасында визасыз режим болғанымен, шетел азаматтары Ресейге кіру үшін алдын ала тіркеліп, ЕСИА жүйесінде өтініш беруі, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы кіру ниеті туралы хабарлауы қажет.

Бұл өзгерістер Ресей үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы №1510 қаулысына сәйкес, кіру мен шығу үдерістерін жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаның екінші кезеңі аясында енгізіледі.

Назар аударыңыз:

  • Биометриялық рәсімдер мен тіркеуден уақытылы өту үшін әуежайға кемінде 3 сағат бұрын келу ұсынылады.
  • Анкетаны ұшуға 72 сағат қалғанда мемлекеттік қызметтер порталының мобильді қосымшасы арқылы толтыру қажет", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Qazaq Air әуекомпаниясының атауы VietJet Kazakhstan боп өзгерген еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.