jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шілдеден бастап Петропавлдан Мысырдың танымал курорттық аймағына әуе рейсі ашылады

теңіз
Теңіз. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Биыл шілде айынан бастап, Петропавл – Шарм-эш-Шейх бағыты бойынша жаңа туристік әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды СҚО әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов "Қызылжар халықаралық әуежайы" ЖШС-ның жаңа директоры Октем Мұстафа Йылтанмен кездскен.

Кездесуде әуежайдың даму перспективалары, инфрақұрылымды жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері талқыланған.

"Маңызды жаңалықтардың бірі – түнгі рейстерге рұқсат берілуі. Бұл әуежайға тәулік бойы ұшақ қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жаңа жанармай құю станциясы іске қосылды, бұл логистиканың  жақсаруына, үлкен  әуе кемелерін қабылдауға жол ашты.

Сонымен қатар 2 шілдеден бастап Петропавл – Шарм-эш-Шейх бағыты бойынша жаңа туристік әуе рейсі іске қосылады. Болашақта басқа да халықаралық бағыттарды ашу жоспарда бар", - делінген хабарламада.

Жаңа бағыттың ашылуы әуежайдың өткізу қабілетін ұлғайтып, жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсартуға және солтүстікқазақстандықтар үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтуге септігін тигізеді деп күтіліп отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.