jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Хуторлықтар ұрып кетті": заңгер желіде Қаржаубай Нұрымовқа қатысты жалған ақпарат тарағанын айтты

Қаржаубай Нұрымов
Қаржаубай Нұрымов. Фото: t.me/Jogargy_sot

Желіде марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты сот үкімінен кейін соққыға жығып кеткені туралы қауесет тарады. Заң кеңесшісі Мейірман Шекеев бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Заң кеңесшісінің айтуынша, желіде тараған ақпаратта Қаржаубай Нұрымовты "хуторлықтар" ұрып кеткен, кейін ауруханаға түскен. Алайда Қаржаубай Нұрымовтың заң кеңесшісі Мейірман Шекеев Instagram желісіндегі парақшасында бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтін мәлім етті.

"Қазіргі уақытта Қаржаубайға қатысты әлеуметтік желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Аллаға шүкір, Қаржаубай аман-есен. Оған ешкім зиян келтірген жоқ. Сол себепті мұндай ақпаратқа сене бермеңіздер. Желіде өзге де жалған ақпарат тарап жатыр. Біз осыған қатысты жақында түсініктеме береміз", - деді заңгер Мейірман Шекеев.

Заңгер алаңдаушылық білдіріп жатқандарға алғыс білдірді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.