jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Marvel кейіпкерлері": оралдық полицейлер ерекше автокортежді тоқтатып, 17 хаттама толтырды

Жол ережесін бұзғандар
Жол ережесін бұзған көлік. Фото: polisia.kz

Оралда жол ережесін бұзған көлік жүргізушілері мен жолаушыларына қатысты 17 хаттама толтырылды, деп хабарлайды ІІМ-нің ведомстволық сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, 15 маусымда кешкі уақытта Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатқан.

Тексеру нәтижесінде Marvel киноәлемі кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алған автокортеж қатысушыларының бірқатар жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны анықталған.

Оларға қатысты келесі әкімшілік хаттамалар толтырылған:

  • ҚР ӘҚБтК 593-бабының 2-бөлігі бойынша 11 хаттама (қауіпсіздік белдігін тақпау);
  • 590-баптың 5-бөлігі бойынша 3 хаттама (мемлекеттік нөмір белгілеріне қойылатын талаптарды бұзу);
  • 593-баптың 3-бөлігі бойынша 1 хаттама (алдыңғы орындықта қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыны тасымалдау);
  • 595-баптың 1-бөлігі бойынша 1 хаттама (жол қиылыстарынан өту тәртібін бұзу);
  • 590-баптың 2-бөлігі бойынша 1 хаттама (пайдалануға тыйым салынған техникалық ақауы бар көлік құралын басқару).

"Полиция барлық жүргізуші мен азаматты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көңілді костюмдер мен шеру жолда тәртіпсіздік жасауға негіз емес. Жол қауіпсіздігі бәріміздің ортақ міндетіміз", - деп жазады басылым.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.