jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматыда танымал базар сүріліп жатыр

Сүріліп жатқан базар
Сүріліп жатқан базар. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда сот шешімімен "Ақсай-4" шағынауданында орналасқан "Арыстан" базарының бір бөлігі сүріліп жатыр. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басқарманың мәліметінше, бұрындары жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында "Арыстан" базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталған.

"Фирма Тигрохауд" ЖШС меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді.

2024 жылғы 1 наурызда сот базардың ауданы 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды", - делінген хабарламада.

Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталған.

Айта кетейік, бұған дейін әкімдік өкілдері "Теректі" шағынауданындағы тұрғын үй кешені бұзылып жатқанын хабарлаған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.