jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жетісу облысында Балқаш көліне апаратын жаңғыртылған жол көлік қозғалысы үшін ашылды

Балқаш көліне дейінгі жол
Балқаш көліне дейінгі жол. Фото: Жетісу облысы әкімдігінің ресми сайты

Жетісу облысында Балқаш көліне дейінгі жол қайта жаңғыртудан кейін ашылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі. Еске салсақ, Балқаш көліне көлікпен бару жағдайын жақсарту үшін көлге апаратын жол екі учаскеге бөлініп, жаңғырту жұмысы жүргізілді.

Атап айтқанда, ұзындығы 27 км "Лепсі – Балқаш көлі" жолы өткен жылы пайдалануға берілді. "Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай" автожолының 35 - 110 шақырымы бұған дейін жоспарланғандай, жуырда асфальттың төменгі жабыны төселіп, көлік қозғалысы үшін ашылды.

"Қазір 40 км жолда асфальттың беткі қабатын төсеу жұмыстары қалды. Одан кейін абаттандыру жұмыстары атқарылады. Жол бойында 4 демалыс алаңы орнатылған, онда аялдама, санитарлық торап қарастырылған. Жол құрылысын жүргізген мердігер мекеме жол сапасына 5 жылға дейін кепілдік береді.  Қандай да бір ескертпелер, ақаулар шығып жатса, өз күшімен ретке келтіреді. Қазір жол құрылысына 65 техника, жүзден астам адам тартылған. Аталған жолды толық пайдалануға беру 2026 жылға жоспарланған", - дейді Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев.

Жол қатынасына қатысты тағы бір айта кетерлігі, жыл соңына дейін Лепсі ауылында заманауи жаңа темір жол вокзалын салу межеленген.

Осылайша жол инфрақұрылымын дамыту арқылы Балқаш көлі жағалауына көлікпен баруға қолайлы жағдай жасалып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.