jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ұзындығы 3,2 шақырым: Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

Автожол
Автожол. Иллюстрациялық фото: Sebastian Gollnow/Getty Images

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады – Олжас Бектенов Sarens басшысы Людо Саренспен инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарларын талқылады. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр Олжас Бектенов бельгиялық Sarens компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Людо Саренспен кездесу өткізген.

Онда "Нұр жолы" өткізу бекетінің айналма жолын салу жоспарлары талқыланған. Сондай-ақ ынтымақтастық, оның ішінде машина жасау саласында кеңейту перспективалары қаралған.

Жоба шекара маңы инфрақұрылымының өткізу қабілетін арттыруға және қолданыстағы көлік ағындарына жүктемені азайтуға бағытталған. Салмағы 100 тоннадан асатын ірі габаритті жүктерді өткізуге арналған ұзындығы 3,2 шақырым, ені 12 метр айналма жол салу, сонымен қатар ауданы 81,6 га көліктерге арналған тұрақтар салу жоспарланып отыр. Қосымша автожол көпірін салу, тиісті инфрақұрылымды орнату қарастырылған.

Барлық нысан компанияның жеке инвестициялары есебінен салынады, оның жалпы құны шамамен $50 млн-ды құрайды.

Олжас Бектенов жобаның мемлекет басшысы жүктеген міндеттерге сәйкес, еліміздің көлік логистикасын, сауда және транзиттік әлеуетін дамытудағы маңыздылығын баса айтқан.

Кездесу соңында тараптар айналма жол салу жобасын жүзеге асыруға өзара мүдделілігін жеткізіп, ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін білдірген.

Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға жобаны уақтылы жүзеге асыру үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.