jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандық оқушы Еуропаның үздік физигі атанды

Жүлдегерлер оқушылар
Жүлдегерлер оқушылар. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Астаналық оқушы Ілияс Қазымбек Еуропаның үздік физигі атанды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 17 маусымда Болгария астанасы София қаласында Еуропалық физика олимпиадасы (EuPhO-2025) өз мәресіне жетті. Биылғы зияткерлік додаға 39 елден 200-ден астам жас физик қатысқан.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста тамаша нәтиже көрсеткен, ел намысын қорғаған бес оқушының барлығы жүлдегерлер қатарынан көрінген.

Ал Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Ілияс Қазымбек олимпиаданың абсолют жеңімпазы деп танылып, алтын медаль иленген.

Астанадағы РФММ-нің тағы бір 10-сынып оқушысы Алтаир Аканов пен Алматы қаласындағы Miras халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Роман Черемнов күміс медаль, Nurorda халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев қола медаль алған.

Ал Қостанай облыстық "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Таир Әбдіқадыр құрмет грамотасы берілген.

Команданы халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары, тәжірибелі тәлімгерлер – Андрей Сидоренко мен Темірлан Исмагұлов дайындаған.

EuPhO – мектеп оқушыларына арналған беделді халықаралық зияткерлік сайыс. 2024 жылы Қазақстан құрамасы аталған олимпиадада екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.