Бүгін Қазақстанның бір мегаполисінде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады
Опубликовано:

18 маусымда еліміздің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенте ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с.
Астанада аздаған жаңбыр жаууы ықтимал, дегенмен ауа температурасы күндіз 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 11,9 м/с.
Шымкентте күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 42 градусқа дейін жетіп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,8 м/с деңгейінде болмақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2256573-bugin-qazaqstannyng-bir-megapolisinde-42-gradusqa-deiin-aptap-ystyq-bolady/