jitsu gif branding logo appbranding logo app

Еліміздің тағы бес қаласындағы балабақшаларда ваучерлік төлем жүйесі енгізіледі

Балабақша
Балабақша. Көрнекі фото: pixabay.com

Маусым-шілде айларында Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда қалаларында балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңіріндегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бұл жобаға қосылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаға сәйкес, ата-аналарға балабақшаны өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі берілген. Ваучерлік қаржыландыру жүйесі белгіленген талаптарға сай келетін және бос орындары бар мектепке дейінгі ұйымдарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жүйе ең алдымен қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ететін басты шартты қамтиды – "ақша балаға беріледі". Қаражат ата-аналар баланың қатысу табеліндегі деректерді растағаннан кейін ғана аударылады.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Бүгінгі таңда бұл жоба облыстық маңызы бар 15 қалада және еліміздің екі өңіріндегі 5 ауданда жүзеге асырылып жатыр. Олар Тараз, Шымкент, Түркістан, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Жезқазған, Талдықорған, Қосшы, Қонаев қалалары мен Жамбыл облысының Байзақ, сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш, Сайрам, Мақтаарал, Қазығұрт, Жетісай аудандары.

"Ваучерлік қаржыландыру жүйесіне 3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қосылды. Осы уақыт ішінде 230 мыңнан астам бала мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана қалаларында ваучер жүйесі енгізілгелі бері кезек 44 пайызға қысқарды", - дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.