jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын эвакуациялады (фото)

елге оралған азаматтар
Елге оралған азаматтар. Фото: Қазақстан Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын эвакуациялады. 109 адам елге оралды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Таяу Шығыстағы жағдай шиеленіскен тұста Қазақстан өз азаматтарын Иран Ислам Республикасының аумағынан эвакуациялауды жедел ұйымдастырған.

"Үйлесімді жұмыс пен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейінің арқасында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, құзыретті мемлекеттік органдары мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері 109 отандасымызды елге қайтарды.

Эвакуация өңірдің достас мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен жүзеге асырылды, атап айтқанда 89 адам Ираннан Түрікменстан арқылы және 20 адам Әзербайжан арқылы өтті. Барлық азаматқа консулдық-құқықтық көмек көрсетілді және Отанға оралу үшін қажетті жағдай жасалды.

Сыртқы істер министрлігі Иран, Түрікменстан және Әзербайжан билігіне қазақстандықтардың бүкіл бағыты бойынша қауіпсіз және уақтылы өтуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған көмек пен нәтижелі өзара іс-қимыл көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 13 маусымда түнде Израиль Иранға соққы жасады, кейін Иран Израильге шабуыл жасап, екі ел арасындағы жағдай ушыға түсті.

Қазақстан Таяу Шығыстағы әскери шиеленіске байланысты мәлімдеме жасап, өз алаңдаушылығын білдірді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.