jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Мына жерді сыпыр": Алматыда көшеде "әлеуметтік эксперимент" жасаған блогер 10 күнге қамалды

Әлеуметтік эксперимент жасаған блогерлер
Әлеуметтік эксперимент жасаған блогерлер. Видео кадрдан: instagram.com/elmira_ozay

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әлеуметтік эксперимент барысында көше ластағанына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды kazinform.kz.

Сот мәліметінше, Т. "әлеуметтік эксперимент" жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орынды ластаған және айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытып, дөрекі мінез-құлық көрсеткен. Барлық әрекет бейнежазбаға түсіріліп, кейін әлеуметтік желілерде жарияланған.

"Сот отырысында Т. кінәсін мойындады және іс материалдарында көрсетілген деректерді растады. Сот қаулысымен Т. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды", - деп хабарлады Алматы соты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.