jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бірнеше көлігі мен үйі бар отбасыларға мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмек тоқтатылуы мүмкін

Ақша санап отырған әйел
Ақша санап отырған адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова сенат кулуарында журналистерге әлеуметтік көмекті саралап төлеудің жаңа тәртібінің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Kazinform.

"Бүгінгі таңда бұл тәртіпті ілкі жоба ретінде Шымкент қаласы мен Қарағанды облысында іске асыра бастадық. Кейін оны бүкіл республикаға тарату жоспары бар. Бірақ таратпай тұрып, нормативтік-құқықтық актілер қабылдау керек. Біз мемлекеттен әлеуметтік көмек алып жүргенімен иелігінде коттеджі, 2-3 көлігі бар азаматтарды анықтадық. Көпбалалы аналардың арасында ондайлар бар деп нақты айта алмаймын", - деді министр.

Светлана Жақыпованың айтуынша, бұл өзгеріс негізінде отбасының жан басына шаққандағы табысы иелігіндегі көлік пен жылжымайтын мүлік құнымен қоса есептеледі.

"Отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 4 еселенген мөлшерінен асса, 2 және одан көп автокөлік құралы болса, екі және одан көп жылжымайтын мүлік болса, өзінің дамуына инвестиция салатын адамдар туралы айтып отырмыз. Әлеуметтік әділдік қағидаты деп отырғаным да осы. Оларға қолдау қажет емес. Реформа соларға қатысты. Қалған санаттарға уайымдаудың қажеті жоқ", - деді Светлана Жақыпова.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.