jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жақында "Астана-Бурабай курорты" бағытында жаңа электр пойызы жүре бастайды

электр пойызы
Электр пойызы. Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Шілденің басында "Астана - Бурабай курорты" бағдары бойынша жаңа электр пойызы жүре бастайды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында "Жолаушылар тасымалы" компаниясы бірінші, екінші және үшінші класты жаңа электр пойызын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Құрам "Астана - Бурабай курорты" бағдары бойынша жүреді.

Пойыз алты вагоннан тұрады және 374 орынға арналған. Ол барлық қажетті техникалық тексерістен өтті. Қазіргі уақытта Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес құжаттарды ресімдеу аяқталып қалды.

Компания мәліметінше, пойыз дизайнында қол жетімділік пен инклюзивтілік мәселесіне ерекше назар аударылған. Әр класта биодәретханалар, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы бейінделген кабиналар, платформалық көтергіштер қарастырылған.

Автоматты шығарылатын аяқ тіректері, әсіресе егде жастағы жолаушылар мен балалары бар отбасылар үшін ыңғайлы отырғызу мен түсіруді қамтамасыз етеді. Пойыздағы әрбір орын мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB қосқышымен жабдықталған. Сонымен қатар құрамда салқын сусындар мен жеңіл тағамдар бар.

Бұған дейін "Жолаушылар тасымалы" компаниясы "Астана-Қарағанды" бағытында Сomfort+ форматындағы электр пойызын іске қосқан. Алты вагондық құрам 576 жолаушыға арналған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.