Қазақстан полициясын оңтайландыру: ІІМ-де екі жаңа басқарма пайда болады
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанда жергілікті полиция қызметінің орнына екі жаңа басқарма құру ұсынылып отыр: профилактика басқармасы және қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Polisia.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, Қазақстан полициясы оңтайландырудан өткізілмек. Енді "жергілікті полиция қызметі" ұғымы ескірген ұғым ретінде заңнамадан алынып тасталды.
"Оның орнына екі жаңа басқарма құрылады:
- Профилактика басқармасы (кәмелетке толмағандармен жұмыс, табиғатты қорғау полициясы, учаскелік инспекторлар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау);
- Қоғамдық және жол қауіпсіздігі басқармасы (патрульдік полиция және жол-техникалық инспекция).
Бұл қайталанатын функцияларды жойып, құқықбұзушылықтың алдын алу тиімділігін арттырып, басқару құрылымын жеңілдетеді", - делінген ІІМ хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2257359-qazaqstan-politsiiasyn-ongtailandyru-iiim-de-eki-zhanga-qurylym-paida-bolady/