jitsu gif branding logo appbranding logo app

Министр Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл мектебінің түлегімен кездесті (фото)

Саясат Нұрбек пен Жәнібек Әбілхан
Саясат Нұрбек пен Жәнібек Әбілхан. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды құттықтады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жоғары нәтиже көрсеткен Жәнібек Әбілхан – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы мектеп түлегі.

Министр Жәнібекті жетістігімен құттықтап, ата-анасына алғысын айтқан. Сондай-ақ талапкерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыстаған.

Кездесу барысында министр еліміздегі жоғары білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының әлеуетіне тоқталған.

ҰБТ-дан 140 балл алған түлекпен кездесу
ҰБТ-дан 140 балл алған түлекпен кездесу. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

"Біз қарапайым ауыл мектебінің түлегі ең жоғары балл жинағанына ерекше қуанамыз. Мемлекет тарапынан оның білімін әрі қарай дамытуына толық қолдау көрсетіледі. Бүгінде Қазақстан өңірлік академиялық хаб ретінде қалыптасып келеді.

Елде құрылған білім беру экожүйесі халықаралық серіктестердің қызығушылығын арттырып жатыр. Жетекші шетелдік университеттермен бірлесе отырып, жаңа білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұл жетістіктер Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді", - деді Саясат Нұрбек.

Жәнібек Әбілхан
Жәнібек Әбілхан. Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Айта кетейік, Жәнібек Әбілхан 19 мамырда Шымкент қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында "Математика-Информатика" пәндер комбинациясы бойынша сынақ тапсырып, 140 балл жинады. Бұл – ҰБТ-дағы ең жоғары балл.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.