jitsu gif branding logo appbranding logo app

Air Astana өкілдері Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстер уақытша тоқтатылатынын хабарлады

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Air Astana әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстер уақытша тоқтатылатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

28 маусымнан бастап Air Astana әуе компаниясының Атырау-Дубай бағыты бойынша рейстері ұшу уақытының едәуір ұзаруына байланысты уақытша тоқтатылады.

Ал Дубайға Астана мен Алматыдан ұшатын рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұша береді.

"Уақытша тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Алматы және Астана қалаларынан Дубайға немесе Атыраудан басқа бағыттарға тегін қайта брондау не билеттің толық құнын қайтару ұсынылады", - делінген әуе компаниясының баспасөз хабарламасында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.