jitsu gif branding logo appbranding logo app

ChatGPT-ден діни пәтуа сұрауға бола ма: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері жауап берді

Chat GPT
Chat GPT платформасы. Көрнекі фото: pexels.com

Мүфтият өкілдері ChatGPT платформасынан діни үкім сұрауға қатысты сұраққа жауап берді. Діни басқармадағылар жасанды интеллект кейбір салаларда адамдарға пайдасын тигізгенімен, кейде қателесетінін ескерген жөн екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Діни басқарманың Шариғат және пәтуа бөлімі мамандарының айтуынша, жасанды интеллектті ақпарат іздеу, мәтіндерді аудару, деректерді талдау, белгілі бір мәліметтерді тез қарап шығу сияқты техникалық жұмыстарда пайдалануға болады. Сонымен қатар діни білімге көмекші құрал (деректерді іздеу) ретінде қолдануға болады.

"Алайда жасанды интеллекттен діни үкім (пәтуа) сұрауға болмайды. Себебі жасанды интеллект діни мәселелерде қате жауап беруі мүмкін", - дейді мамандар.

Мүфтият өкілдері оның бірнеше себебін атады.

  • Жасанды интеллект сұрақ қоюшының жеке жағдайын ескермейді. Мысалы, отбасылық немесе қаржылық мәселелерде әр адамның жағдайы әртүрлі болады. Мұндай мәселелерді шешу үшін екі тарапты да тыңдау қажет.
  • Дереккөздерді ажырата алмайды. Жасанды интеллект интернеттегі бар мәліметтерді пайдаланады. Бұл жауаптар шариғатқа қайшы болуы да ықтимал. Өйткені жасанды интеллект үкім бермейді, тек интернеттегі ақпараттарды жинап, жауап құрастырады.

"Сондықтан діни мәселенің үкімін (адамның жеке жағдайына, қоғамдағы әдет-ғұрыпқа, өмір сүру ортасына байланысты өзгеретін пәтуалар) жасанды интеллекттен емес, міндетті түрде дінді жақсы білетін ғалымдардан, арнайы пәтуа мамандарынан сұрауға тиіс", - дейді олар.

ҚМДБ өкілдері жасанды интеллект пайдалы құрал екенін мойындап отыр. Бірақ діни үкім беру – үлкен жауапкершілік дейді. Сондықтан бұл істе білімді пәтуа мамандарына жүгінген дұрыс. Ал ЖИ-ді тек көмекші құрал ретінде, жалпы мәлімет үшін ғана пайдаланған жөн деген пікірде діни басқармадағылар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.