Тағы 150-ге жуық Қазақстан азаматы Израиль мен Ираннан эвакуацияланды
Опубликовано:

Қазақстанның тағы 144 азаматы Израиль мен Ираннан эвакуацияланды, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық іс-шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан арқылы – 2, Түрікменстан арқылы – 3) шығарды.
Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.
ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын эвакуациялап, 109 адам елге оралған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2257728-tagy-100-den-astam-qazaqstandyq-izrail-men-irannan-evakuatsiialandy/