jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады (фото)

Жол жөндеу
Жол жөндеу. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

BRT (Bus Rapid Transit — автобустың арнайы жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Almaty_Joly Telegram-каналында хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыған байланысты 21 маусым сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Абай даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. Бұл аумақты Абылай хан және Чайковский көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жол сызбасы
Жол сызбасы: Almaty_Joly Telegram-каналы

"Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген Almaty_Joly Telegram-каналындағы хабарламада.

Алматыда көшелердің бірі уақытша жабылады (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.