jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елімізде 2027 жылға дейін барлық ауыл ғаламтормен қамтылмақ

Ауыл
Ауыл көрінісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы екі жылда Қазақстандағы барлық елді мекен ғаламтормен қамтылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Досжан Мұсалиев Сенатта өткен жиында айтты, деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Қазір еліміз бойынша 6 мыңнан астам ауыл бар. Соның 4850-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Ал 1049 ауыл байланыс аясынан тыс жерде. Онда 200 мыңға жуық адам тұрады.

Мәселені шешу үшін "Қолжетімді интернет" жобасы әзірленіпті. Оны 2027 жылға дейін іске асыру жоспарланған. Осылайша ауыл халқы анықтама немесе субсидия алу үшін қалаға барып әуре болмайды.

"Жоспар бойынша қазірдің өзінде 3G-ге қосылған, бірақ жылдамдығы өте төмен ауылдардың да мәселесін шешуге арналған жоба жасалды. Сонымен қатар жол бойындағы мобильді интернетті жақсарту жоспарланған. Ол үшін кем дегенде 387 байланыс бағанасы тұрғызылады. Бұл мақсатқа шамамен 120 млрд теңге инвестиция тартылады", - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.