jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстан аумағына ұшқышсыз ұшатын аппараттардың құлауы: Ресей СІМ мәлімдеме жасады

Ұшқышсыз ұшатын аппарат
Ұшқышсыз ұшатын аппарат. Көрнекі фото: Richard Newstead/Getty Images

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова Қазақстан аумағында байқалған ұшқышсыз ұшатын аппараттар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей СІМ 19 және 20 маусымда Батыс Қазақстан облысы аумағында ондаған ұшқышсыз ұшатын аппараттардың ұшу деректері тіркелгенін және бұл "РФ аумағына кірмекші болған" украиналық дрондар екенін мәлімдеді.

"Біздің одақтас және ҰҚШҰ мүшесіне қатысты бұл әрекеттерді қатаң айыптаймыз. Жауапты үкімет және бейінді халықаралық құрылымдарды мұндай провокацияларға назар аударып, тиісті деңгейде әрекет етуге шақырамыз.

Болған жағдай ҰҚШҰ аясында ұжымдық қауіпсіздік шараларын нығайту қажеттілігін кезекті рет дәлелдеп отыр", - делінген Захарова мәлімдемесінде.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.