Таяу Шығыстағы қақтығыс: Air Astana бірнеше рейсті тоқтатты
Опубликовано:

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасап, 23 маусымда бірнеше рейс тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл туралы әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты компаниялар тобы 23 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:
- КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау;
- КС205/206/Астана-Дубай-Астана;
- КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
- КС655/656/Астана-Доха-Астана.
Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады.
Әуекомпаниясы жағдайды мұқият қадағалайды және одан әрі рейстерді тоқтатқан жағдайда қосымша хабарлайды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Air Astana өкілдері Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір рейстердің бағытында өзгерістер болатынын хабарлаған еді.
Сондай-ақ еліміздің Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан әуекомпанияларына алты елдің әуе кеңістігінің үстінде, ішінде және оған жақын жерде ұшуға толық тыйым салған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2258307-taiau-shygystagy-qaqtygys-air-astana-birneshe-reisti-toqtatty/