Төртеуін жағаға шығарып алған: ТЖ министрі балаларды құтқарып қалған қостанайлық тұрғынды марапаттады
Опубликовано:

Тобыл өзенінде ағыс алып кеткен балаларды құтқарып қалған Қостанай тұрғыны наградталды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Тобыл өзенінде балаларды құтқару кезінде көрсеткен батырлығы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін Қостанай қаласының тұрғыны Андрей Цимбал "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" ведомстволық медалімен наградталған.
Награданы салтанатты табыс ету Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өткен.
"Сіздің іс-әрекетіңіз-айналадағы адамдарға үлгі. Сіз балаларды құтқарып қана қоймай, қиын уақытта адам болып қалудың қаншалықты маңызды екенін көрсеттіңіз", - деді Қостанай облыстық ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов.
ТЖМ-ның мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 31 мамырда болған.
Тобыл өзеніне балық аулауға барған Андрей Цимбал бір топ баланың ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылып жүргенін көрген. Кенет оларды ағыс алып кете бастаған.
Андрей бір секунд та ойланбастан суға секіріп, қатты ағысқа қарамастан, төрт баланы жағаға шығарып алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2258475-torteuin-zhagaga-shygaryp-algan-balyq-aulauga-baryp-balalardy-qutqaryp-qalgan-qostanailyq-turgyn-nagradtaldy/