Қошанов парламент палаталарын бірлескен отырысқа шақырды
Опубликовано:

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Бірлескен отырыс 27 маусым, сағат 10:00-де өтеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған Өкім мәтінінде.
Еске сала кетейік, былтыр 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы парламентінің жаңа саяси маусымы және сессиясы басталды. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2258931-qoshanov-parlament-palatalaryn-birlesken-otyrysqa-shaqyrdy/