jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

адамдар
Адамдар. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа жасы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2024 жылдың басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының орташа жасы 32,3 жасты құраған. Соңғы бес жылда көрсеткіш 31,9 жастан өскен.

Ерлердің орташа жасы – 30,7 жас, әйелдердікі – 33,9 жас.

Өңірлер бөлінісінде ең төменгі орташа жас Түркістан облысында – 27,7 жас, сондай-ақ Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында – 27,8 жас.

Ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 39,2 жас, Шығыс Қазақстан облысында – 38,9 жас және Қостанай облысында – 38 жас.

Қала халқының орташа жасы ауылдық жерлерге қарағанда жоғары – тиісінше 32,7 және 31,7 жас.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.