Сайран су қоймасының жағдайы: қала әкімі мердігерге соңғы рет ескерту жасады
Опубликовано:

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Сайран су қоймасының санитарлық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала басшысы экология, қоғамдық кеңістікті дамыту мен полиция басқармаларына құқық бұзушыларға бақылау мен қатаң шараның жоқ екенін сынады.
Мердігерге барлық кемшілікті жою үшін соңғы ескерту жасалды.
Аудан әкімдеріне қаланың проблемалық учаскелерін қоқыстан тазартып, бітелген арықтарды ретке келтіру тапсырылды. Жұмыс ерекше бақылауда болады.
Сондай-ақ қала басшысы Алматының күзгі көгалдандыру жоспарын ұсынуды және ауаны ластайтын көлікке бақылауды күшейтуді тапсырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2259036-sairan-su-qoimasynyng-zhagdaiy-qala-akimi-merdigerge-songgy-ret-eskertu-zhasady/