jitsu gif branding logo appbranding logo app

Air Astana Дубай мен Доха бағытындағы тоқтатылған рейстер қашан жанданатынын хабарлады

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания өкілдері Таяу Шығысқа 25 маусымнан бастап ұшу жоспарланып отырғанын айтты. Атап айтқанда, келесі рейстер жергілікті уақыт бойынша ұшады деп күтіледі:

KC205 Астана-Дубай, сағат 11:00

KC206 Дубай-Астана, сағат 16:40

KC653 Алматы-Доха, сағат 11:00

KC654 Доха-Алматы, сағат 15:05

KC897 Алматы -Дубай, сағат 11:15

KC898 Дубай-Алматы, сағат 16:10.

Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесімен КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17:40-та репатриациялық рейс орындалады.

Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Air Astana кестені әуе компанияның сайтында тексеруді сұрайды. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалатыны атап өтілген.

Еске сала кетейік, Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Air Astana 24 маусымда Алматы мен Астанадан Дубайға, ал Шымкенттен Дохаға ұшатын рейсті тоқтататқан еді.

Сондай-ақ 23 маусымда Air Astana әуекомпаниясының Дубай мен Дохаға бірнеше рейсі тоқтатылған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.