jitsu gif branding logo appbranding logo app

90 заң қабылданды, 248 мәселе қаралды: Қошанов мәжілістің жұмысын қорытындылады

Ерлан Қошанов
Ерлан Қошанов. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Ерлан Қошанов VIII сайланған парламенттің үшінші сессиясындағы мәжіліс қызметін қорытындылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы уақыт ішінде 39 жалпы отырыс өтіп, онда 248 мәселе қаралған, 90 заң қабылданып, 39 халықаралық шарт пен келісім ратификацияланды.

Мәжіліс депутаттары заң шығару қызметі аясында жаңа Бюджет кодексіндегі бюджеттік және фискалдық рәсімдерге, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тәсілдерді қайта қарап, еліміздің қылмыстық кодекстерін оңтайландыру жұмыстарын жүргізді. Жаңа Салық кодексі бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл заң осы сессияда ең көп талқыланған құжат болды. Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген прогрессивті су саясатын қалыптастыру бағытындағы жұмыс та белсенді жалғасты. Қабылданған Су кодексінде су ресурстарын сақтау мен дамытуға басымдық берілген.

Мәжiлiс депутаттары өткен сессия барысында екi мәрте Жоғары аудиторлық палата төрағасының – ауыл шаруашылығындағы субсидиялар, сондай-ақ дәрi-дәрмекпен және медицина бұйымдарымен қамтамасыз ету мәселелерi бойынша есептерін қарады.

Сондай-ақ депутаттар мемлекеттік органдарға 461 депутаттық сауал жолдап, азаматтарды толғандырып жүрген ең өзекті мәселелерді қамтыды. Қалыптасқан дәстүр бойынша өңірлердегі кездесулер барысында сайлаушылар көтерген түйткілдерді шешу жолдары жөнінде Үкіметтің жауабын тыңдады.

Депутаттар мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата аясында азаматтық қоғаммен және сарапшы қоғамдастық өкілдерімен тығыз жұмысты жалғастыруда. "Инклюзивті парламент" депутаттық тобының жұмысы да жүйеге қойылды. Қоғамдық қабылдауға жұртшылықпен байланыс жасаудың тиімді арналарының біріне айналды. Осы сессия барысында депутаттар 2 мыңнан аса азаматты қабылдаған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.