jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанда фермерлерді туристік қызметке тарту үшін арнайы заңнама әзірленеді

Ат үстіндегі шабандоз. Көрнекі сурет
Ат үстіндегі шабандоз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде экологиялық және аграрлық туризмді дамыту қолға алынды. Фермерлерді туристік қызметке тартуға ықпал ететін заңнама бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда "Таза Қазақстан" бастамасы аясында экологиялық, аграрлық және бұқаралық спортты дамыту жүзеге асырыла бастады. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, аграрлық және этнотуризм саласында фермерлерді туристік қызметке тартуға ықпал ететін заңнамалық база бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

900-ден астам ауыл тұрғындары агротуризм бойынша оқытылды, сондай-ақ Community based Tourism бағдарламасы бойынша 10 үйлестіруші оқыды. Сондай-ақ Алматы қаласы мен облысына 1200 шақырымнан астам туристік соқпақтарды төсеу жоспарланып отыр.

Ведомство басшысы халықаралық тәжірибе мен заңнамаға назар аудара отырып, экологиялық туризмнің ұлттық стандарттары жаңартылып жатқанын айтты. Негізгі принциптерге табиғатқа әсерді азайту, рекреациялық жүктемені сақтау және жергілікті қауымдастықтарды тарту кіреді. 14 ұлттық саябақта инфрақұрылымды белсенді дамыту жүргізілуде, бұл 2023 жылы 2,4 млн туристті тартуға мүмкіндік берді, 2024 жылы 2,8 млн-ға дейін өсті.

Туристік қызмет шеңберінде 17 визит-орталық және 137 бағыт жұмыс істейді. Жаңа экологиялық бағыттар ашу және ұлттық парктерді дамыту үшін инвесторларды тарту жоспарланып отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.